1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Балаларды қорғау күні – әр баланың бақытты өмір сүруге, сапалы білім алуға және өз қабілеттерін дамытуға деген құқығын айшықтайтын ерекше мереке. Балалар – еліміздің жарқын болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты байлығы. Барша оқушыларымызға зор денсаулық, жарқын жетістіктер, көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс және биік мақсаттарға жетуді тілейміз. Әрбір күндеріңіз қуанышқа, жаңа жетістіктерге және жарқын сәттерге толы болсын!